Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Банк Хоум Кредит" "Орталық Азияның HR-бренді" байқауында жеңімпаз атанды

Жарияланған күні:

Диплом
Фото: Банк Хоум Кредит

Қаржы институты қызметкерлермен жұмыс коммуникацияларын автоматтандырғаны үшін "МИР" номинациясында I орын алды.

"Хоум Кредит" - бөлшек банк нарығындағы белсенді ойыншы. Әрбір 14–ші Қазақстан азаматы Банктің клиенті болып табылады және кемінде 2 өнімді пайдаланады. Қаржы институтында 5000-нан астам қызметкер жұмыс істейді. Ай сайын әр түрлі деңгейдегі 200-ден астам бос жұмыс орны ашылады. Бұрын рекрутерлер мансаптық сайттар, порталдар, әлеуметтік желілер, жұмыспен қамту орталықтары, жоғары және орта оқу орындары сияқты әр түрлі арналармен жұмыс істеген. Олар базаларды әр түрлі көздерден қолмен жүктеп, сұрыптап, талдауға мәжбүр болған.

HR-менеджерлері жұмыс іздеушілермен және қызметкерлермен байланыс үшін ыңғайлы болатын бірыңғай digital-платформа құру міндетін қойды. Осылайша HR чат-боты дүниеге келді. Бүгінгі таңда осы платформаның көмегімен үміткерлерді алдын-ала тексеруге және онлайн режимінде бағалауға, жаңа қызметкерлерді сәтті бейімдеуге және кері байланыс алуға болады. Банктің HR сарапшылары қызметкерлердің көңіл-күйін бағалайды. Қызметкерлер қаншалықты риза немесе қандай кемшіліктер бар екендігін анықтайды. Сондай-ақ бұл құрал жұмыстан босату себептерін білуге көмектеседі.

Диплом
Фото: Банк Хоум Кредит
"Біз үміткерлермен және қызметкерлермен қарым-қатынасты барынша жеңілдетіп, үйреншікті байланыс арналары арқылы ыңғайлы байланыс орнатқызым келеді. Сондай-ақ күнделікті жұмысты автоматтандыру арқылы үміткерлерге жедел жауап беруді қалаймыз. Біз үшін қызметкерлерді жаппай және бірегей позицияларға іріктеу – бұл жоғары технологиялық үрдіс. Чатботтардың көмегімен біз үміткерлермен тікелей байланысты сақтап қалуға тырыстық", - дейді "Банк Хоум Кредиттің" HR-директоры Жарқын Бекжанов.

HR үрдістерін оңтайландырудың арқасында Хоум Кредит сарапшылары бір жыл ішінде 2000 сағаттан астам рекрутерлердің уақытын үнемдеді, 900-ден астам үміткер қарастырып, рефералдық бағдарлама арқылы 185 бос орынды толтырды. Сондай-ақ бір жылда 1500-ден астам қызметкерді бейімдеді. Қызметкерлерді чат-боттар арқылы іріктеу тиімді болғаны соншалық, Қазақстандағы "Банк Хоум Кредиттің" тәжірибесін Ресей мен Филиппиндегі Home Credit тобының қызметкерлері өзіне бейімдеп, пайдалана бастады.

Диплом
Фото: Банк Хоум Кредит

Сондай-ақ қаржы институты қызметкерлердің психикалық және материалдық әл-ауқатына аса көңіл бөлгені үшін жеке номинация аясында марапатқа ие болды. Атап айтқанда, қызметкерлерге Covid-19 пандемиясы кезінде жұмысқа бейімделу үшін көмек іс-шаралары жүргізілді. Қызметкерлерге тегін бетперделер мен қолғаптар берілді, банк ПТР тесттерін төледі. Сovid тестілеуі оң нәтиже көрсеткен жағдайда, қызметкерлер 100% еңбек демалысын алды. Топ-менеджмент бейнетрансляция арқылы ұжыммен үнемі байланыста болды.

Банк қызметкерлерді вакцинациядан өтуге шақырды. Дәрігерлердің қатысуымен вакцинаның пайдасы туралы вебинарлар өткізіліп, вакцинаны қабылдағандардың барлығына қосымша үш күн демалыс берілді. Сонымен қатар вакцина алған қызметкерлер арасында лотерея ұтыстары өткізілді. Нәтижесінде, өткен жылы банк бойынша вакцинация деңгейі 85%-ға жетті.

"Орталық Азияның HR-бренді сыйлығы" - қызметкерлермен жұмыс істеу саласындағы үздік жобаларды белгілейтін, жұмыс берушілер үшін еліміздің беделді сыйлықтарының бірі. Оның міндеті – ең жақсы HR тәжірибесін баса айту, бағалау және қолдау.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972190-bank-xoum-kredit-ortalyq-aziyanyn-hr-brendi-baiqauynda-zenimpaz-atandy/