Сыр бойында белсенділік жоғары
Жарияланған күні:
Қызылорда облысындағы учаскелерде халықтың белсенділігі жоғары екендігі байқалады. Таңғы сағат 7-ден бастап кезекте тұрған дауыс берушілердің саны көп.
Соның бірі Сырдария ауданында тұратын 101 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров. Ғасыр жасаған ақсақал референдум учаскесіне ең бірінші болып дауыс беріп, бүгінгі тарихи күнге сәттілік тілеп, батасын берді. Яхия ақсақалға бірінші келуші ретінде сыйлық табысталып, иығына шапан жабылды.
Сондай-ақ алғашқы, ең жас және 100-ші дауыс беруші секілді челлендждер мен түрлі акциялар ұйымдастырылуда.
Айта кету керек, облыс бойынша 373 референдум учаскелері жұмыс жасайды. Оның 345-і ашық, 28-і жабық. Ал Қызылорда қаласында орналасқан учаске саны – 120. Вахталық қалашықта орналасқан учаскелер -8.
Дауыс берушілер 462 685 адамды құрайды.
Сондай-ақ сағат 9.00-дегі жағдай бойынша Қызылорда облысы бойынша аумақтық референдум комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, тізімге енгізілген дауыс берушілердің жалпы санының 30%-ға жуығы бюллетень алып, өз таңдауларын жасаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1972619-syr-boiynda-belsendilik-zogary/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.