Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мектептерінде 1 қыркүйектен бастап патриотизм туралы курс енгізілмек

Жарияланған күні:

Мектеп
Көрнекі фото: pxhere.com

Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылынан бастап мектептерде "Патриотизм және жаһандық құзыреттер" курсын енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Алдағы оқу жылындағы білім беру процесіндегі ерекшеліктердің бірі - 5-11 сыныптарда "Патриотизм және жаһандық құзыреттер" атты курс енгізу болып отыр.

Курс оқушылардың зерттеу, талдау, коммуникация дағдыларын дамытуға бағытталған. Академия жобамен танысу үшін өңірлік әдістемелік орталықтарға жіберді. Қазірдің өзінде жоба сайтта жарияланды.

Оқу процесін ұйымдастыруға қатысты кейбір тұстарын НҚА бекіткен соң соңғы өзгерістер енгізіліп, хат мектептерге жіберіледі", - дейді Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева.

Еске салайық, бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келесі оқу жылынан бастап "өзін-өзі тану" пәні қалай оқытылатынын түсіндірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973011-qazaqstan-mektepterinde-1-qyrkuiekten-bastap-patriotizm-turaly-sabaq-otkizu-zosparlanyp-otyr/