Алматыдағы рұқсат етілмеген митингте көлік жүргізушісі қаза тапты (видео)
Жарияланған күні:
Алматыдағы рұқсат етілмеген митингте көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
11 маусымда алматылықтар рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырып, Гагарин даңғылын жауып тастады. Салдарынан тұрғындардың бірі жолда жүргісі келген көлік жүргізушісін ұрған. Ер адам құлап, басын асфальтқа ұрып, қайтыс болды. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болды.
Бұл жайтқа қатысты Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді.
“Рұқсат етілмеген акцияға қатысушылардың бірі – 1980 жылы туған М.есімді азамат жанжал кезінде олар қозғалысын бөгеп қойған көліктердің бірінің жүргізушісі 1974 жылы туған К.есімді азаматқа дене жарақатын салған. Салдарынан жәбірленуші қайтыс болды. М.есімді азаматтың әрекеті ҚР ҚК-нің 106 бабы 3 бөлігімен сараланады.
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, рұқсат етілмеген акцияны ұйымдастырушылардың тағы төртеуі әкімшілік жауапкершілікке тартылды”,- деді ведомство.
Рұқсат етілмеген акцияны Короленко көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары 2019 жылдан бері жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысына байланысты көліктер көбейіп кетті деген сылтаумен ауласын жол жиегінен қоршауды талап еткен тұрғындар ұйымдастырғаны анықталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973741-almatydagy-ruqsat-etilmegen-mitingte-kolik-zurgizusisi-qaza-tapty-video/