"Су керемет": Павлодар әкімі тікелей эфир жүргізіп, шомылғанын көрсетті
Жарияланған күні:
Павлодар әкімі Асайын Байханов орталық жағажайда шомылды. Қала басшысы демалыс орнынан тікелей эфир жүргізіп, өз әсерін бөліскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Павлодар әкімі 12 маусымда Орталық жағажайға барды. Тікелей эфир оның Instagram-дағы ресми парақшасында сақталған.
Асайын Байханов биыл айтарлықтай өзгерген демалыс орнын көрсетті.
"Суы керемет. Су өте керемет, сондықтан жұмыстан кейін шомылуға бір сағат уақыттарыңызды арнаңыздар", - дейді қала басшысы тікелей эфир кезінде.
Айта кетейік, биыл Павлодардың орталық жағажайында түбегейлі өзгерістер болды. Мұнда екі пирс, үш жақты душ, шешінетін бөлмелер, әткеншектер мен субұрқақтар пайда болды.
Өңірде шомылу маусымы 11 маусымда басталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973809-su-keremet-pavlodar-akimi-tikelei-efir-zurgizip-somylganyn-korsetti/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.