Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада "Мерейлі Отбасы" байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр

Жарияланған күні:

Отбасы
Фото: pixabay

Нұр-Сұлтанда отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және отбасы институтын арттыруға бағытталған "Мерейлі отбасы-2022" ұлттық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Конкурсқа барлық отбасылар қатыса алады, кандидатураларды жергілікті атқарушы органдар мен заңды тұлғалар да ұсына алады.

Өтінімдерді қабылдау маусым айының ортасына дейін жалғасады. Айта кету керек, елордада қатысушылардың саны жыл сайын артып келеді. 2018 жылы 51 отбасы, 2019 жылы - 63 отбасы, 2021 жылы – 120 отбасы өтініш берді.

"Мерейлі Отбасы" конкурсының негізгі мақсаты - отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты некенің маңыздылығын тану; ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын насихаттау; қазақ отбасының оң имиджін ілгерілету болып табылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін mereyliotbasy2022_ns@mail.ru (pdf форматында) электрондық поштасы арқылы қабылданады. Қатысу шарттары туралы толық ақпаратты келесі телефондар арқылы білуге болады: 8 7172 55 67 01, 8 7172 55 67 08.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973861-elordada-mereili-otbasy-baiqauyna-qatysuga-otinimder-qabyldau-zalgasyp-zatyr/