Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазтеміртранс" филиалының директоры пара алды деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

пара беру
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Қазтеміртранс" АҚ Қостанай филиалының директоры пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ресми Telegram-каналында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, "Қазтеміртранс" АҚ Қостанай филиалының директоры облыс кәсіпкерлерінен жүк вагондарын кедергісіз және жедел өткізгені үшін жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінген.

Оған қатысты сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Агенттік қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін, бұл іс бойынша соңғы шешімді сот қабылдайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974317-qaztemirtrans-filialynyn-direktory-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/