Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аман-есен табылды": Қапшағайда жоғалған баланы қол ұстасып іздеген демалушыларға ел сүйсінді

Жарияланған күні:

Қапшағай
Оқиға орны. Видеодан кадр: Instagram/almaty_kris_p

26 маусымда Қапшағай жағалауында жоғалған баланы іздеуге сонда демалып жатқан барлық ер азамат ат салысқан. Олардың қол ұстаса тізбек құрып, суды бойлап бара жатқан видеосы әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Қуанышқа орай, сегіз жасар бала жағада жүрген жерінен табылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram-дағы танымал пабликте жарияланды. Видео авторы Қапшағайдағы жағажайда баланың адасып кеткенін айтады.

Бейнежазбадағы кадрдан демалушылардың қол ұстасып, суды бойлап бара жатқанын байқауға болады.

Бұл жайтқа қатысты Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді.

"Бала аман-есен табылды, ал бізге хабарлама түскен жоқ. Бұл - кеше, 26 маусымда болған жағдай. Сегіз жастағы бала жағада ойнап жүрген екен. Судың ішінен емес, жағадан табылған.

Бұл іздестіру әдісін жергілікті жағажай құтқарушылары (қоғамдық құтқару қызметі) ұйымдастырған болуы керек. Оларға мұндай тәсілді ТЖД-ның Қапшағай өңірі бойынша құтқарушылары үйреткен екен. Олар егер адам суда жоғалса, көптің көмегімен, қол ұстаса тізбек құрып, судың ішін сүзіп шықса, тез табылады деп кеңес берген. Артынша, бала табылғаннан кейін жергілікті құтқарушылар ТЖД-ға хабарлады", - дейді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975860-aman-esen-tabyldy-qapsagaida-zogalgan-balany-qol-ustasa-tizbek-quryp-izdegen-demalusylarga-el-suisindi-video/