Өскеменде бухгалтер компанияның миллиондаған теңгесін иемденді деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Өскеменде бухгалтер өзі жұмыс істеген компаниядан 4 млн теңгеден астам қаражат иемденіп алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ведомство 2 маусым күні Өскемен қаласының полицейіне ЖШС-нің бір филиалының басшысынан арыз келіп түскенін хабарлады.
Оның сөзінше, кәсіпорынның бұрынғы бухгалтері өзінің қызметін пайдаланып, ақшаны иемденген. Шығын көлемі 4,3 миллион теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 31 жастағы күдікті ұсталды, ол жауап алу кезінде кінәсін мойындамаған.
Әйелге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті таратқан хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976148-oskemende-buxgalter-kompaniyanyn-milliondagan-tengesin-iemdendi-degen-kudikke-ilindi/