Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда 12 жастағы қыз екі күннен бері табылмай жатыр

Жарияланған күні:

қыз1
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау қаласында 12 жастағы қыз іздестірілуде. Туыстары жасөспірімнен 27 маусымнан бері хабар ала алмай отырғанын айтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жақындарының мәліметінше, жасөспірім қыз 27 маусым күні Химпоселок шағын ауданындағы үйінен кешкі 19:00 шамасында белгісіз бағытқа қарай шығып кетіп, қайта оралмаған.

Туыстарының айтуынша, ол күнделікті спорттық киіммен жүреді, ал дәл сол күні үстіне ақ көйлек киіп шыққан.

"Осы уақытқа дейін ешқандай хабар жоқ. Еріктілерден іздестіруге көмек сұраймыз", - дейді жоғалған қыздың әпкесі Аружан Жахияева.

Сондай-ақ желіде жасөспірім қыздың көше бойымен белгісіз жаққа қарай кетіп бара жатқан сәтінен видео тарады. Бұл сәт көшедегі бейнекамералардың біріне жазылып қалған. Ең соңғы рет куәгерлер оны 27 маусым күні сағат 19.55-те "Еламан" дүкенінде көрген.

Полиция қазір жасөспірімді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"12 жастағы қыз 27 маусым күні кешкі сағат 19:20-да үйінен шығып кеткен. Үйінде ұрыс-керіс болмаған. Әлі табылмады, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне.

Туыстыры жасөспірім жайлы қандай да бір ақпарат білетін жандар болса, 102-ге немесе әпкесі Әсемгүлге 8700 099 29 01 нөмірі бойынша хабарласуды сұрайды.

Материал авторы: Айгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976246-atyrauda-12-zastagy-qyz-eki-kunnen-beri-tabylmai-zatyr/