Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да әкім пара алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Азамат Жолдаяқов
Азамат Жолдаяқов. Фото: spasovka-esl.sko.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық округ әкімі пара алды деген күдікке ілінді. Облыстық прокуратура бұл ақпаратты растап, оның мән-жайын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Қадағалау органы Есіл ауданы Спасов ауылдық округінің әкімі Азамат Жолдаяқовтың 130 мың теңге көлемінде пара алу фактісі бойынша 2022 жылғы 26 маусымда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлады.

"Сол күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жолдаяқовтан пара ретінде алған ақшаны тәркіледі. Жолдаяқов заңда белгіленген тәртіппен күдікті деп танылды", - деп хабарлады облыстық прокуратура.

Ведомство мәліметінше, шенеунік кінәсін мойындаған. Оған қатысты келу міндеттемесі түрінде мәжбүрлеу шарасы қолданылған. Қазір қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976394-sqo-da-akim-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/

pixel