"Көненің көзі": Қайын әпкесіне сәлем салған 80 жастағы әжейге жұрт сүйсінді
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде 91 жастағы қайын әпкесіне сәлем салған әжейдің видеосы тарап, көпшіліктің талқысына қызу түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі shyndykz парақшасында жарияланды.
Кадрдан әжейдің көпшіліктің алдында өзімен жасы шамалас қарт кісіге сәлем салып жатқанын байқауға болады.
Ал видео сипаттамасында 80 жастағы әжейдің 91 жастағы қайын әпкесіне құрмет көрсеткені жазылған.
Бұны көрген желі оқырмандары әжейдің әрекетіне риза болғанын жеткізген.
"Бұрынғылардың сыйластығы ерекше ғой шіркін. Оларға басымды иемін", "Көненің көзі", "Бұны жастар көрсін. Өнеге алсын. Қазіргі жастар сәлем салуға қиналады. Өздерінше ұят санап жүр", "Салт дәстүріміз жақсы ғой, күйеуі болса сәлем салады, болмаса сәлем салмау керек. Салтымызда солай негізі", Сәлем салып, үлкендердін батасын алғанға не жетсін. Бұл - eшқандай мұсылмандыққа жат емес, бұл жерде сыйластық деген үлкен ұғым жатыр", "Алла әжелерімізге ұзақ ғұмыр берсін", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976773-konenin-kozi-qaiyn-apkesine-salem-salgan-80-zastagy-azeige-zurt-suisindi/