Шымкентте колонияның бұрынғы басшысы тоғыз жылға сотталды
Опубликовано:

Шымкентте пара алды деп айыпталған колонияның бұрынғы басшысы сотталды. Істі Әл-Фараби аудандық соты қарады, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Тергеу барысында ИЧ 167/3 колониясының бұрынғы басшысы алты сотталушыдан жазаны жеңілдетуге және оларды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды жылдамдатуға уәде беріп, 4 миллион теңге талап еткені анықталған.
"Жүнісбековтің кінәсі толық дәлелденді. Алты тұтқын және басқа да куәгерлер бар", - дейді әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Төлешов.
Дегенмен сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты.
Соған қарамастан ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы басшы жазаны қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976791-symkentte-koloniyanyn-buryngy-bassysy-togyz-zylga-sottaldy/