Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің үш ірі қаласында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаңбырлы күн
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 7 шілдеде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында күн жаңбырлы болады, ал Шымкентте ауа температурасы +30 градустан жоғары болуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Синоптиктердің болжамынша, елордада бүгін найзағай ойнап, ауа температурасы +21...+23 градус жылы болмақ. Сондай-ақ астанада жел күшейіп, екпіні 9-14 м/с дейін жетуі ықтимал.

Алматыда да бүгін найзағай ойнайды, бірақ сынап бағаналары +28...+30 градусқа дейін көтеріледі деп болжануда. Шаһарда желдің күші 2-7 м/с жетуі мүмкін, ал найзағай ойнаған кезде екпіні 13 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Ал Шымкент қаласында бүгін күн ыстық болады. Қалада ауа температурасы +29...+31 градусты көрсетеді. Дегенмен еліміздің үшінші ірі қаласында жел секундына 9-14 метрге дейін күшеюі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977237-bugin-elimizdin-us-iri-qalasynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel