Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзенде заңсыз ойынхана анықталды

Опубликовано:

Заңсыз ойынхана
Фото: Polisia.kz

Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзенде заңсыз ойын бизнесінің жолын кесті, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

4 шілдеде Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласының аумағында Шаңырақ шағын ауданында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде заңсыз ойынхананы анықтады.

Үй-жайды тексеру барысында мониторлар, процессорлар, теледидарлар, кассалық аппарат және қолма-қол ақша қаражаттары табылып, тәркіленді.

Аталған дерек Жаңаөзен қаласы ПБ АЕК-ге тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін жиналған іс-қағаздар Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977416-zanaozende-zansyz-oiynxana-anyqtaldy/

pixel