Алдағы күндері еліміздің бір өңірінде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16-18 шілде күндері ел аумағында күн райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, 16 шілдеде солтүстік-батыста, 16-17 шілдеде солтүстікте, 17 шілдеде республиканың шығысында найзағай ойнап, қатты жел соғып, жаңбыр жауады деп күтілуде. Сондай-ақ аталған өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Дегенмен алдағы демалыс күндері еліміздің батысы мен оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Ал оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Мамандардың болжамынша күндіз батыста +30+40°С, солтүстік-батыста +25+40°С, оңтүстік-батыста +36+45°С, оңтүстікте +33+42°С, оңтүстік-шығыста +20+35°С жылы болуы мүмкін.
Сонымен қатар еліміздің солтүстігінде + 24+33°С-тан +20+30°С-қа дейін, орталығындаа +27+38°С-тан +23+33°С-қа дейін, шығысында +21+33°С-тан +16+28°С-қа дейін сынап бағанасы төмендейді деп болжануда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978700-aldagy-kunderi-elimizdin-bir-onirinde-aua-temperaturasy-gradusqa-deiin-koterilui-mumkin/