Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері еліміздің кейбір өңірлерінде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін

Опубликовано:

Жағалау
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан 19-21 шілде күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, жаңа апта басында ел аумағының басым бөлігі Солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады.

Содан кейін 20 шілдеден бастап Солтүстік-батыс циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің ықпалында болады деп күтілуде.

Осыған байланысты мамандар еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді деп болжап отыр.

Метеорологтардың ақпаратынша, батыста және оңтүстік-батыста, 20 шілдеден бастап орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста ауа температурасы +40... +45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978944-aldagy-kunderi-elimizdin-keibir-onirlerinde-aua-temperaturasy-45-gradusqa-deiin-koterilui-mumkin/

pixel