"Нәтиже" пилоттық жобасы 2022 жылдың күзіне дейін үш өңірде сынақтан өткізіледі
Жарияланған күні:
"Нәтиже" мемлекеттік қызметтер алу және өтініш беру орталығы пилоттық жобасы халыққа қызмет көрсету процесін азаматтар үшін әлдеқайда қолайлы әрі қолжетімді ету мақсатында әзірленді және 2022 жылдың күзіне дейін үш өңірде сынақтан өткізілетін болады. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы хабарлады.
Ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарының әкімдіктерімен бірлескен "Нәтиже" мемлекеттік қызметтер алу және өтініш беру орталығы пилоттық жобасы іске қосылған болатын.
Жоба "бір терезе" қағидаты бойынша әзірленген және азаматтардың өтініштерін қабылдауды, өтінішкерлердің сұрақтары бойынша консультациялар жүргізуді, мемлекеттік қызметтер көрсетуді бір алаңға шоғырландырудың көрінісі болып табылады.
Жобаның арқасында өңірдің әрбір тұрғынының қызмет ресімдеу, өтініш тіркеу, өзін қызықтырған сұрақтар бойынша мамандардың кеңесін алу, сондай-ақ әкімнің және жергілікті атқарушы органдардың бөлім басшыларының жеке қабылдауына жазылу мүмкіндігі бар.
Пилоттық жоба халыққа қызмет көрсету процесін азаматтар үшін әлдеқайда қолайлы әрі қолжетімді ету үшін әзірленді және 2022 жылдың күзіне дейін үш өңірде сынақтан өткізілетін болады.
Азаматтар тарапынан жоба ыңғайлы әрі қолжетімді сервис ретінде танылған жағдайда 2022 жылдың күзінде Қазақстан Республикасының барлық өңірге ауқымды енгізу кезеңі қолға алынатын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979379-natize-pilottyq-zobasy-2022-zyldyn-kuzine-deiin-us-onirde-synaqtan-otkiziledi/