Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа оқу жылында мектеп формасы қандай болады: Көптің сұрағына Асхат Аймағамбетов жауап берді

Опубликовано:

оқушылар
Көрнекі сурет: zakon.kz

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Zakon.kz порталына берген сұхбатында жаңа оқу жылында мектеп формасы қандай болады деген сауалға жауап берді.

Министрдің сөзінше, қолданыстағы бұйрық бойынша мектеп формасының түсі мен үлгісі қамқоршылық кеңесімен бірлесіп анықталады.

"Бізде 7,5 мың мектеп бар және теориялық тұрғыдан алғанда 7,5 мың форма түрі болуы мүмкін, бірақ бұл барлығына қолайлы емес. Павлодарды алайық. Бала бір мектептен екіншісіне ауысады, яғни мектеп формасын ауыстыру қажет. Ыңғайлы ма?", - дейді Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, ата-аналар кей мектеп басшыларының мектеп формасына тым егжей-тегжейлі талаптар қоятынына жиі шағымданады. Әдетте ондай форма жай ғана базарда немесе сауда орталықтарында кездеспейді. Содан кейін олар оны белгілі бір жеткізушіден сатып алуды ұсынады.

"Енді бір әкімшілік бірлік, мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы барлық мектептерде қандай мектеп формасы болатынын жариялайды. Оны базардан да, сауда үйінен де сатып алуға болады. Егер бала бір мектептен екіншісіне ауысса, онда да қиындық болмайды. Бұл ата-аналар үшін ыңғайлы және тиімдірек. Осындай норма келесі жылдан бастап күшіне енетінін атап өтемін", - дейді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда мектеп оқушыларының жаңа оқу жылынан бастап қою көк түсті форма киетіні белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979801-zana-oqu-zylynda-mektep-formasy-qandai-bolady-koptin-suragyna-asxat-aimagambetov-zauap-berdi/

pixel