Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы 6 университет жабылуы мүмкін

Жарияланған күні:

студенттер 654
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда 6 жоғары оқу орнын жабуға қатысты шешім сотта қаралып жатыр. Бұл туралы білім және ғылым министрілігінде атқарған қызметін қорытындылаған қазіргі оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында хабарлады.

Асхат Аймағамбетов сапасы төмен университеттерді жабу бойынша қандай жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

"Академиялық дербестікті кеңейтумен қатар, жауапкершілігі төмен университеттерді жауып, сапаны қамтамасыз ете алмайтын ЖОО-ларды қайта бейіндеу бойынша күрделі жұмыстар жүргіздік.

Нәтижесінде 15 ЖОО жабылды. Бұдан бөлек, қосымша 6 оқу орнын жабуға қатысты шешімімізге шағым беріліп, ол сотта қаралып жатыр. Оның жалпы саны 21-ге жетіп отыр", - дейді министр.

Осы ретте Асхат Аймағамбетов жабылған университеттердің 100 мыңнан астам студенті оқуын жалғастыру үшін басқа ЖОО-ларға ауыстырылғанын атап өтті.

Сондай-ақ министр 66 университеттің әлсіз білім беру бағдарламалары бойынша 505 лицензия кері қайтарып алынғанын, оқытудың әлсіз бағыттары бойынша лицензияларды қайтарып алу бойынша тағы 4 ЖОО-мен сот процестері жүріп жатқанын мәлім етті.

"Педагогикалық бағыттар бойынша жоғары оқу орындарының саны (85-тен 50-ге дейін) қысқарды. Енді оқытудың тиісті сапасын қамтамасыз ететіндер ғана болашақ мұғалімдерді дайындай алады. Заңгерлерді даярлайтын университеттердің саны 72-ден 61-ге дейін қысқарды", - дейді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің сөзінше, алдағы уақытта ЖОО-ларға берілетін лицензиялар мерзімсіз болмайды. Олар 5 жылға беріледі, ал оларды қайта ресімдеу автоматты түрде емес, біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда ғана жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980451-qazaqstanda-tagy-6-universitet-zabyluy-mumkin/