Білім грантын жұмыспен өтеу мерзімі қысқаруы мүмкін
Жарияланған күні:
Ауылдық квота бойынша білім алған жастардың грантты еңбекпен өтеу мерзімі 2 жылға дейін қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазіргі заңнама бойынша жас мамандар грантты 3 жыл жұмыспен өтеуі керек.
"Ауылдық квотамен педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқыған азаматтар грантты кемінде екі жыл жұмыспен өтейді", - делінген өзгеріс енгізіліп отырған құжатта.
Сондай-ақ бұрын квота иелері грантты білім алған жерлерінде жұмыс істеу арқылы өтейтін болса, енді бұл өңірлер тізімін министрлік ұсынады.
"Азаматтардың жұмысы өтелетін өңірлер: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары" , - делінген қаулыда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980829-bilim-grantyn-zumyspen-oteu-merzimi-qysqaruy-mumkin/