Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ: Заңсыз майнингпен айналысқан қылмыстық топтың 23 мүшесі ұсталды (видео)

Жарияланған күні:

ІІМ
Видеодан кадр: YouTube / Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Ішкі істер министрлігі брифингте 5 өңірде қылымыстық топтың ұсталғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, қолға түскендер борышты күшпен қайтарту, тонау және заңсыз майнигке қамқорлық көрсету сияқты заңсыз жұмыстармен айналысқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Ақтоты Боранованың мәліметінше, министрліктің ұйымдасқан қылмыспен күрес департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Алматы қалалық полиция бөлімінің мамандарымен бірге Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының аумағында бірлескен операция жүргізіп, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстаған.

Қолға түскендердің саны 23 адам.

Оның сөзінше, бұрын сотталған және қылмысқа бейімі бар адамдардан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері күш көрсету арқылы, оның ішінде қару қолдану арқылы табыс табуға маманданған.

"Борышты күшпен қайтарту, тонау және заңсыз майнигке қамқорлық көрсету сияқты заңсыз жұмыстармен айналысқан", - Ақтоты Боранова.

Ішкі істер министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, қылмыскерлер бақылауындағы Талғар ауданында орналасқан майнинг фермалардың есебінен айына 300-500 мың доллар алып отырған.

"Заңсыз майниг фермаларды тінту кезінде қылмыстық топтың 7 мүшесі ұсталды. Олар 36 жастағы ІТ саланың маманын "есепшотқа" тіркеп қойған. Оны қорқыту арқылы майнинг фермалардың жұмысын ұйымдастырып отырған. Заңсыз қару сақталған орындарды анықтау үшін оперативті тәсілдер қолдану кезінде қылмыстық топтың 3 мүшесі ұсталды", - деді ведомство өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981144-iim-zansyz-mainingpen-ainalysqan-qylmystyq-toptyn-23-musesi-ustaldy-video/