Елімізде "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы іске қосылды
Жарияланған күні:
Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясын іске қосты. Акция 2022 жылғы 31 тамызға дейін, яғни жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, науқанға кез келген адам - еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б қатыса алады.
"Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп отыр.
Балаларды жаңа оқу жылына дайындауға кез келген адам көмектесе алады. Осылайша, әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын аламыз. Әрбір мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың атаулы, жеке тізімдері жасалған.
Білім беру ұйымдарында "жедел желі" үздіксіз жұмысы ұйымдастырылған. Қиын өмірлік жағдайға тап болған барлық бала мен ата-ана көмек сұрай алады. Өз кезегінде бей-жай қарамайтын азаматтар, кәсіпкерлер, меценаттар акцияға қосылып, мұқтаж жандарға қол ұшын соза алады", - деді Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.
Айта кетсек, "Мектепке жол" акциясы жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізіледі. Акция ұйымдастырылған 10 жыл ішінде 2 миллионнан астам балаға материалдық көмек көрсетілді.
"Мектепке жол" акциясына қатысу үшін білім басқармалары мен ұйымдарына хабарласу қажет.
Облыстық білім басқармаларының сенім телефондары:
- Нұр-Сұлтан қаласы 8 7172 55 68 70, 8 701 255 46 97;
- Алматы қаласы 8 776 243 03 59;
- Шымкент қаласы 8 7252 39 49 26, 8 777 556 20 79, 8 707 904 04 95;
- Алматы облысы 8 747 502 85 38;
- Ақмола облысы 8 7162 72 29 03, 8 771 349 11 21, 8 708 444 52 32;
- Ақтөбе облысы 8 776 038 78 78, 8 705 507 71 78, 8 705 744 47 44;
- Атырау облысы 8 7122 27 09 42, 8 702 118 21 28, 8 775 005 22 01;
- Шығыс Қазақстан облысы 8 7232 70 23 57, 8 705 623 85 31;
- Жамбыл облысы 8 7262 614 24 05, 8 708 614 24 05;
- Батыс Қазақстан облысы 8 7112 2604 63, 8 747 475 25 31;
- Қарағанды облысы 8 7212 25 25 02, 8 747 491 12 91;
- Қостанай облысы 8 7142 37 98 58, 8 708 087 42 01;
- Қызылорда облысы 8 7242 60 54 81, 8 778 60 54 81, 8 777 340 70 30, 8 705 787 25 96;
- Маңғыстау облысы 8 7292 57 12 27, 8 7292 60 75 15, 8 702 995 36 39, 8 701 677 26 04;
- Павлодар облысы 8 7182 32 09 65, 8 702 412 70 04, 8 701 523 19 70;
- Солтүстік Қазақстан облысы 8 7152 35 00 07, 8 708 432 44 58;
- Түркістан облысы 8 707 684 71 00, 8 700 205 94 10, 8 702 625 65 62.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981608-elimizde-mektepke-zol-respublikalyq-qaiyrymdylyq-akciyasy-iske-qosyldy/