Қарағандыда жігіт пен қыз төбелесіп, дәмхананың терезесін сындырды
Жарияланған күні:
Қарағандыда куәгерлер дәмханаға келген жігіт пен қыздың арасындағы төбелесті видеоға түсіріп алды. Төбелес кезінде жанжалдасушылардың бірі ойын-сауық мекемесінің әйнегін сындырған, деп хабарлайды Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Оқиға Қарағандының орталығындағы Нұркен Әбдіров даңғылы бойында орналасқан дәмханалардың бірінің ауласында болған.
Желіде тараған бейнежазбада ойын-сауық мекемесінің алдындағы көшеде ер адамның аяғы мен қолынан тартқан қыздың қалай жерде жатқаны түсіп қалған. Ары қарай видеода дәмхананың кіреберісіне жақын жерге отырып алған қыздың дауыс көтеріп, айғайлап отырғанын, оған қол көтерген жігіттің айналадағының бәрін қиратып жатқанын көруге болады.
Сәлден соң ашулы жігітті ақылға шақырған бірнеше адам жағдайға араласа бастайды.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді. Ведомствода Орталық полиция бөліміне дәмхана қызметкерлерінен қоңырау бүгін сағат 08:00-де түскенін айтты.
"Оқиға орнына жеткенде ойын-сауық мекемесінің әкімшісі клиенттердің бірі көшеде жүріп, сүйіктісімен жанжал кезінде мүлікті бүлдіріп, әйнекті сындырғанын айтты. Полиция бөліміне жанжалға қатысушы 23 жастағы жігіт жеткізілді. Мән-жай анықталып жатыр, бұл дерек полицияда тіркелді", – деп хабарлады ведомстводан.
Жәбірленушінің полицияға арыз жазған-жазбағаны әзірге белгісіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981770-qaragandyda-zigit-pen-qyz-tobelesip-damxananyn-terezesin-syndyrdy/