Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде екі мұғалім мектепте кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған

Жарияланған күні:

сыныптың іші
Көрнекі фото: pixabay.com

Өскемен қаласындағы мектепте кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған екі мұғалім жұмыстан қуылды. Бұл оқиғаға қатысты білім басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде қаладағы мектептердің бірінің аумағында екі ер адамның кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болып жатқан видеосы жарияланған еді.

Белгілі болғандай, олар білім ордасында жұмыс істейтін мұғалімдер болып шықты. Екеуінің де алкогольдік сусын ішіп, бұндай қадамғаны барғаны анықталып отыр. Ал жасөспірім қыздың кім екені әзірге белгісіз.

Бұған қатысты Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагузова пікір білдірді.

Оның айтуынша, екі мұғалім мен мектеп күзетшісі қызметінен босатылған.

"Бейнебақылау камерасының жазбасынан зорлық-зомбылық фактілері байқалмаған. Енді қала мектептеріндегі бақылауды күшейтеміз", - деді ол.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, екі ер адам жыныстық қатынасқа түсіп үлгермеген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, олар ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981859-oskemende-eki-mugalim-mektepte-kameletke-tolmagan-qyzben-zynystyq-qatynasqa-tuspek-bolgan/