Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда қаңтар оқиғасы бойынша алты адам сотталды

Жарияланған күні:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Тараз қаласының №2 сотында алты айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық сотының ресми сайты.

Іс қандай баптар бойынша қаралды:

  • тәртіпсіздікке қатысу,
  • билік өкілдерінің заңды талаптарына белсенді түрде  бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыру мен арандату,
  • оқ-дәрілерді жымқыру, жарақат салатын патрондар және оқ-дәрілерді заңсыз алып жүру, беру, сақтау,
  • қызметтік үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру.

"2022 жылы қаңтар айының 05-нен 06-на қараған түні А., О. және Т. Тараз қаласында күш қолданумен, қиратумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен ұласқан жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан, сондай-ақ Т. оқ-дәрілерді заңсыз алып жүрген. Өз кезегінде Қ. билік өкілдерінің заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыру мен арандатуды жасаған. Н. жаппай тәртіпсіздіктердің болып жатқанын пайдаланып, қызметтік үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған, оқ-дәрілерді жымқырған, оқ-дәрілерді заңсыз алып жүріп, сақтаған. Ал С. болса оқ-дәрілерді жымқырып, жарақат салатын патрондар мен оқ-дәрілерді заңсыз алып жүрген", - делінген хабарламада.

Іс сотқа процестік келісіммен түскен.

Айыпталушылар кінәларын мойындады және процестік келісімді толық қолдады.

Сотталушылардың адвокаттары кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісімді толық қолдады.

"Жасалған қылмыстардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сондай-ақ процестік келісімнің шарттарына сәйкес, А., О. және Т.-ға 4 жылдан, Қ.-ге 1 жыл 6 ай, Н.-ге  3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы, түпкілікті пробациялық бақылау белгілене отырып, әрқайсысына тағайындалған жаза шартты түрде  саналған. Ал С.-ға 3 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы орташа қауіпсіз мекемеде өтеуге тағайындалды", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981864-tarazda-qantar-oqigasy-boiynsa-alty-adam-sottaldy/