Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада бұрынғы құдасынан қалың малды қайтарып алмақ болған тұрғындар сотқа арызданды

Опубликовано:

"Жас жұбайлар ажырасып кеткен": Елордада бұрынғы құдасынан қалың малды қайтарып алмақ болған тұрғындар сотқа арызданды
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елорда тұрғыны баласы мен келіні ажырасқан соң, бұрынғы құдаларына берген қалың малын қайтарып алмақ болған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының ресми сайты хабарлады.

Сот мәліметі бойынша, талапкерлер "Сырға салу" рәсімі бойынша қалыңдық тарапына берілген қалың малды өндіріп алмақ болған. Қалың малға берілген дүниелер қатарында тон, зергерлік жиынтықтар, костюмдер және тағы да басқа заттар бар. Олар бұрынғы құдасынан қалың малды қайтару мақсатында сотқа арызданады.

Іс барысында талапкерлер мен жауапкердің балаларының некеде тұрғандары анықталған.

2021 жылдың сәуірінде жастар арасындағы неке бұзылған. Сот шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот қалыңдық үшін қалың мал түріндегі ақшалай сома мен басқа да зат сыйлық ретінде берілді және оларды жауапкерден талап етуге негіз жоқ деген қорытындыға келді.

Сонымен қатар бұл заттарды тек жауапкер ғана емес, қалыңдық жақтан басқа да адамдар сыйға алған.

Сот шешімін өзгеріссіз қалдыра отырып, апелляциялық сот күйеу мен қалыңдықтың ата-аналарының арасындағы сыйлықтармен өзара алмасу бойынша тиісті рәсімдер қазақтың ұлттық дәстүрлеріне сәйкес жүргізілгенін атап өтті.

Рәсімдік іс-шаралар кезінде берілген мүлікті және заттарды қайтару талабы заңнамада көзделмеген, тиісінше орын алған жағдай бойынша тараптар арасында қандай да бір міндеттемелер туындаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982101-elordada-buryngy-qudasynan-qalyn-maldy-qaitaryp-almaq-bolgan-turgyndar-sotqa-aryzdandy/