Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында таксидің қымбаттығын айтқан тұрғындар қоғамдық көлік шығаруды талап етті

Жарияланған күні:

Тұрғындар
Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Жамбыл облысында бүтін бір ауыл халқы екі жылдан бері қоғамдық көлікке зар болып отыр. Автобус жоқтығынан жұрт қалаға таксимен қатынап, шығындалуға мәжбүр. Наразы жұрттың сөзінше, билік өкілдері бұл жағдайды біле тұра, мәселені шешуге асықпайтын көрінеді. Ал шененіуніктер қоғамдық көліктердің тоқтап қалуына тұрғындардың өзі кінәлі деп отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, төрт баланың анасы Венера Әбішева айран, сүт сатып күнін көріп отыр. Тауарын күнде Бесағаштан 20 шақырым жол жүріп, Тараздағы базарға өткізеді. Бірақ жергілікті тұрғын бұл кәсіптің де берекесі кетіп барады деп қынжылады. Өйткені тапқан табысымның басым бөлігі жолақыға жұмсалады дейді.

"Сүт сатамын. Мың теңгесі жолақыға кетеді. 10-15 литр апарамын. Қазыр апаруды да қойдым. Арзанға үйден алып кетеді", - дейді ол.

Жұрттың сөзінше, ауылдан қалаға қатынайтын автобустың тоқтағанына екі жылға жуықтаған. Содан бері тұрғындар таксиге шығындалуға мәжбүр екен. Жалпы елдімекенде төрт мыңға жуық халық бар.

"Қаланың ішіне баратын болсаң, екі, үш рет ауыстырып барасың. Ары-бері бірталай қаражат кетіп жатыр. Бұл үйден бес адам шығады. Сонда бір үйден 5 мың теңге жолақыға кетіп жатыр", - деді ауыл тұрғыны Сағын Қайназаров.

Ал шенеуніктер ауыл арасындағы автобус қозғалысының тоқтағанына небәрі екі ай болды деп отыр. Оған тұрғындардың өзін айыптады. Бұқара жолақының бағасы өте қымбат деп қоғамдық көлікке мінуден бас тартыпты. Адам болмаған соң, тасымалдаушылар да жұмысын тоқтатқан. 

"Біз үш рет әкелдік автобусты. Осы жақында ғана екі ай бұрын Маратты да шығарды. Осы жерде бәрі 150 теңгеге жүрмейміз деп бас салды. 150 деген қымбат, әкімшілік қайда қарап отыр деді. Алды да, кетті де қалды. Оның үстіне бәрі таксиге мініп кетеді", - деді Бесағаш ауыл аймағы әкімі аппаратының бас маманы Әмина Мұхамедқалиева.

Осы орайда ауылдың атқамінерлері автобустың мәселесі екі аптада шешіледі деп сендіреді. Ол үшін таксилердің жұмысын тоқтату қажеттігін айтады. Тек содан кейін қоғамдық көліктер қайта қатынайтын көрінеді.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982487-zambyl-oblysynda-taksidin-qymbattygyn-aitqan-turgyndar-qogamdyq-kolik-sygarudy-talap-etti/