Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қызды іздеу тактикасы өзгертілді (видео)

Жарияланған күні:

Қостанай облысында жоғалған қызды іздеу жұмыстары
Фото: t.me/dpkost

Қостанай облысында жоғалып кеткен 5 жасар қыз баланы іздеу шаралары әлі де жалғасуда. Осы орайда полиция департаменті Telegram арнасында мамандардың ұсынысын ескере отырып, іздеу шараларының тактикасы өзгергенін хабарлады.

Қостанай облысының ПД іздестіру баланың ерекшеліктерін ескере отырып, тыныштық режимінде жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ аумақты тінту бағыты өзгерді.

"Егер бұрын аумақты зерттеу Тобыл өзенінің бойымен жүргізілсе, енді Тобылдан Жамбыл ауылына қарай бағыт алады.

Түнде жылу таратқышы бар арнайы бөлімшелер жұмыс істеді, барлау тактикасы қолданылды.

Таңертең төрт бағытта 100 шақырымға дейін созылған іздеу аймағын айналып өту қайта басталды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, іздеу жұмыстарына еріктілер, жанашыр азаматтар, сондай-ақ Ұлттық ұлан, Шекара қызметі, ҰҚКД әскери қызметшілері, кинологтар, полицейлер, ТЖД мен басқа да құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері қатысуда.

Еске сала кетсек, Қостанай облысында жексенбі, 7 тамыз күні таңертең үлкен әпкелері ұйықтап жатқанда, 5 жасар қыз бала терезе арқылы үйден шығып, жоғалып кеткен. Сәбиді іздеуге облыстық полиция басшысы жетекшілік етуде.

Одан бөлек, полиция жолға тамақ пен сусын қалдырып кетіп жатқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982565-qostanai-oblysynda-zogalgan-5-zasar-qyzdy-izdeu-taktikasy-ozgertildi-video/