Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда жанармай бекетінің ұйықтап жатқан қызметкерін тонау сәті видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Тонау
Видеодан кадр: polisia.kz

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылындағы газ құю бекетінде ұйықтап жатқан ер адамды әлдекімдер тонап кетті. Оқиғаның видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, 7 тамыз күні Бейнеу ауылындағы газ құю бекетінде екі адам ұйықтап жатқан азаматтан 80 мың теңге көлемінде ақша салынған сөмкені ұрлап, оқиға орнынан ізін суытқан.

Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер анықталып, қолға түсті.

Аталған фактіге қатысты Бейнеу аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982674-mangystauda-uiyqtap-zatqan-zanarmai-beketinin-qyzmetkerin-tonau-sati-videoga-tusip-qaldy/