Шамалғанда бір жасар бала шағын автобустың астында қалып, қаза тапты
Жарияланған күні:
Алматы облысы Қарасай ауданында шағын автобустың қатысуымен жол көлік оқиғасы болып, бір жасар нәресте қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қайғылы жағдай 12 тамыз күні тіркелді.
Шағын автобусты балаларды балабақшаларға тасымалдаумен айналысатын 69 жастағы ер адамның басқарғаны белгілі болды.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, бала дөңгелектің астына түсіп қалған.
Қазіргі уақытта Қарасай ауданының полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі ("Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу") бойынша іс тіркелген.
Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983019-samalganda-bir-zasar-bala-sagyn-avtobustyn-astynda-qalyp-qaza-tapty/