Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірінші рет кездесіп отыр": Шығыс Қазақстаннан сақ кезеңіне жататын ерекше қорым табылды

Жарияланған күні:

сақ дәуіріне жататын қорым
Видеодан кадр: Хабар 24

Абай облысы Аягөз ауданы Бозай ауылы маңынан сақтар кезеңіне жататын қорым табылды. Өкінішке қарай, бұған дейін біреулер тонап үлгерген, деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологтары қорымнан адамның шашылған сүйектері мен алтын әшекейлердің қалдығын тапқан.

Экспедиция мүшелерінің болжамынша, биіктігі 3, диаметрі 30 метрден асатын қорғанда ерте темір дәуірінде, яғни, шамамен 2700 жыл бұрын өмір сүрген сақ қолбасшысы жерленген болуы мүмкін.

Қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археологиялық топ бұл маңнан әртүрлі кезеңге жататын 60-қа жуық ескерткішті анықтаған. Жас ғалымдардың пайымынша, сақ кезеңіне жататын қоныстың болуы да әбден мүмкін.

"Бұл жерден аң стиліндегі бұғының, қабыланның бейнесі табылды. Бірақ толық сақталмаған. Зерттеу жұмыстары жалғасады, әлі де жақсы дүниелер шығады деген үміттеміз. Ескерткіштің сыртқы, жер беті, қабір шұңқырының құрылысы өзгеше. Шығыс Қазақстанда, Орталық Қазақстанда мұндай ерекше құрылыс бірінші рет кездесіп отыр. Тас плиталарды қырынан қойып жерлеу ескерткіші анықталып отыр", - дейді археолог Бауыржан Бесетаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983074-birinsi-ret-kezdesip-otyr-sygys-qazaqstannan-saq-kezenine-zatatyn-erekse-qorym-tabyldy/