ШҚО-да белгісіз біреулер дрон арқылы колонияға тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған
Жарияланған күні:
ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ОВ 156/20 колониясының қызметкерлері колония маңындағы бұзылған ғимараттың ішінен тыйым салынған заттар тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Басылымның жазуынша, бұзылған ғимараттың ішінен смартфондары бар дрон және скотчпен оралған түйіншек табылған.
Анықталғандай, тәртіп бұзушылар колония жанындағы қараусыз қалған ғимаратқа тығылып, мекеме аумағына дронның көмегімен тыйым салынған заттарды тастауға дайындалған.
Алайда қызметкерлерді байқап қалып, аппараттарын алуға үлгермей қашып кеткен.
"Аталған факті бойынша Өскемен қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Түйіншекті ашу кезінде есірткіге ұқсас зат табылды. Сондай-ақ екі смартфон және басқару пульті бар дрон табылды. Сараптама тағайындалды", – дейді департаменттің ресми өкілі, әділет капитаны Салтанат Ожиканова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983574-sqo-da-belgisiz-bireuler-dron-arqyly-koloniyaga-tyiym-salyngan-zattardy-laqtyrmaq-bolgan/