Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында кішкентай қызды зорлау фактісі бойынша соталды тергеу басталды

Жарияланған күні:

қылмыстық іс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

14 тамызда Абай облысында кішкентай қызды зорлау фактісі бойынша соталды тергеу басталды. Полицияға қыз баланың зорлағаны туралы анасынан арыз келіп түскен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облыстық ПД мәліметінше, соталды тергеу барысында Қылмыстық кодекстің 120 және 121-бабының 4-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер бойынша айып тағылған күдікті адам анықталған.

Сол күні күдіктіге қатысты сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған, істің барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

"Балаға медициналық көмек көрсетілді. Қылмыстық істі тергеу және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау департамент басшылығының ерекше бақылауында", – деп хабардар етті ведомстводан.

Айта кетейік, күдікті кінәсі дәлелденсе, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983635-abai-oblysynda-kiskentai-qyzdy-zorlau-faktisi-boiynsa-sotaldy-tergeu-bastaldy/