Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Болашағы зор бала еді": Шымкентте екі бірдей ұлы сотталып кеткен ана заң орындарынан араша сұрады

Жарияланған күні:

Шымкенттік ана сотталып кеткен ұлдарына араша сұрады
Шолпан Мамытбекова. Скриншот: Түркістан арнасы

Шымкентте он шақты адамнан таяқ жеген ағайынды жігіттер темір торға тоғытылды. Олар өткен жылдың мамырында базар маңындағы төбелеске қатысқаны үшін сотталды. Алайда екі ұлы түрмеге түскен ақ жаулықты ана соттан әділдік, президенттен араша сұрап отыр, деп жазады Түркістан арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шолпан Мамытбекова қайда барып, кімнен көмек сұрарын білмей дал. Өйткені, айдың-күннің аманында Аян және Саян есімді қос перзенті темір тордың ар жағынан бір-ақ шыққан. Қайғыдан қан жұтқан ана құлыншақтарының таяқ жегені аздай, енді қылмыскер атанғанына сенбейді.

"Президентіміз назарға алып, Бас прокуратура тексерсе екен деймін. Бүкіл нәрсені тексеріп, әділ жазасын берсе екен. Екеуі де жоғары білімді. Үлкен ұлым "Болашақ" стипендианты, Америкада оқиды. Болашағы зор бала. Заңды белшеден басып, жазықсыздан жазықсыз қамауға алып отыр", - деген Шолпан Мамытбекова көзіне жас алды.

Бұл оқиға былтыр 7 мамырда Шымкенттегі базар маңында болған. Анасының айтуынша, Аян мен Саян қарындасына араша түсемін деп, таяқ жеген. Оларға он шақты адам жабылыпты. Аталған видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің жағасын ұстатқан болатын. Сол кезде ағайынды Мамыровтар ауыр жарақат алып, ауруханаға түседі.

"Күйеуім мен қайнымды қамап тастады. Менің кәмелетке толмаған үш бала-шағам бар. Оларды асырайтын адам жоқ. Жалғыз асыраушымыз еді. Халықтан көмек сұраймыз. Әділдік орнасын", - дейді Аянның жұбайы Ақерке Мұстафаева.

Абай аудандық сотының судьясы еңбек демалысында жүргендіктен, журналистер алдына шыққан жоқ. Құзырлы органның баспасөз қызметі судьяның жазаны жеңілдеткенін хабарлады.

"2022 жылғы 5 тамыз күні Шымкент қаласының Абай аудандық сотында ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі 4), 5) тармақтарымен, 293-бабы 2-бөлігі 1) тармағымен айыпталған М.А.-ға және ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі 1) тармағымен айыпталған М.С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс ашық сот отырысында, прокурордың, сотталушының және олардың адвокаттарының қатысуымен ашық түрде өткізілді.

Сотталушылар 2021 жылдың 7 мамырда М.А. мен М.С. "Алаш" базарының артында адамдар тобымен, қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен, не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасау арқылы, жәбірленуші Е.-ні М.А. қасақана ұрып соғып ауырлығы орташа дене жарақатын келтірген.

Сотталушылардың кінәсі дәлелденеді" - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда сотталушылардың туыстары аппеляциялық шағым түсірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983650-bolasagy-zor-bala-edi-symkentte-eki-birdei-uly-sottalyp-ketken-ana-zan-oryndarynan-arasa-surady/