Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұршақ, үсік, жел: синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Жарияланған күні:

Үсік
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 21 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, 21 тамызда күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі.

Оңтүстік-шығыстан жел соғып, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

21 тамызда күндіз Ақтау қаласында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

21 тамызда таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде найзағай, өңірдің солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың батысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүруі мүмкін.

Сондай-ақ 21 тамызда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында бұршақ күтіледі. Одан бөлек өңірде солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында күндіз күші 15-20, 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

21 тамызда күндіз Қонаев қаласында да солтүстік-шығыстан жел тұрып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

21 тамызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

21 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде. Облыстың басым бөлігінде және Қызылорда қаласында өрт қаупі сақталады.

Сонымен қатар 21 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, найзағай кезінде екпіні 18 м/с-қа дейін жетпек.

21 тамызда Батыс Қазақстан облысының батысында да шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетпек.

21 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, түнде солтүстігінде тұман күтіледі. Өңірдің шығысында 2 градус үсік жүруі мүмкін.

21 тамызда Түркістан облысының да солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20, 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Облыстың оңтүстігінде, шығысында өрт қауіпі сақталады.

21 тамызда Шымкент және Түркістан қаласында да солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

21 тамызда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Одан бөлек 23 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарда найзағай күтіледі. 21-23 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 21-22 тамызда 23 м/с-қа дейін жетпек.

Тараз қаласында да 21-22 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984096-bursaq-usik-zel-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/