Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сергекті" қолдануды ұсындық": Алматы полициясы жол ортасында такси тосқан жолаушылар туралы шағымға жауап берді

Жарияланған күні:

Алматы көшесі 2331
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы полициясы жол бойында такси тосқан жаяу жүргіншілер туралы қала тұрғынының желідегі жазбасына пікір білдірді. Полиция тәртіп бұзушыларды Сергек камераларының көмегімен анықтап жатқанын айтты, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің ресми Telegram-каналы.

Қалалық полиция департаменті жол-көлік қозғалысының күрделенуіне байланысты қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдірген.

"Кейбір азаматтар такси қызметін көрсететін өтіп бара жатқан көлікті жол жүрісі бөлігінде тоқтатпақ болып, жасанды кептеліс немесе апаттық жағдай тудырады. Бұл жол қозғалысы қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіпті. Жоғарыда аталған жайттің негізінде біз "Сергек" камераларын қолдануды қаланың негізгі нүктелеріне эксперименттік түрде орнатуды ұсындық: Төле би даңғылы - Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы - Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы - Әшімов көшесі", - деп хабарлады Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Сонымен қатар Алматы қаласының полициясы жол қозғалысының барлық қатысушыларына (жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де) жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді.

Айта кетейік, Алматы тұрғынының шағымын Экспресс К порталы жариялаған болатын. Онда ер адам оңтүстік астананың екі ірі көшесінің қиылысындағы ірі кептелісті видеоға түсіріп, жолдың дәл ортасында "такси ұстап" тұрған адамдарды көрсеткен.

"Қазақстанда түкіруге болмайды, көшеде темекі шегуге болмайды, бірақ жолдың ортасында тұруға болады екен. Міне, осындай адамдардың кесірінен қаланың шыға берісінде кептеліс пайда болды", - деген болатын Алматы тұрғыны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984587-sergek-kameralaryn-qoldanudy-usyndyq-almaty-policiyasy-zol-ortasynda-taksi-tosqan-zolausylar-turaly-sagymga-zauap-berdi/