Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда жаяу жүргіншіні әдейі қақты деген күдікпен 23 жастағы тұрғын ұсталды

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: polisia.kz

Қарағандыда ер адамды көлік қағып кетті. Оқиға видеоға түсіп қалған. Бұл факті бойынша "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ІІМ-нің Polisia.kz ресми сайты.

Ақпараттық порталдың хабарлауынша, 21 тамыз күні сағат 22.00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне хабарлама келіп түскен.

Хабарламада аудандағы сауда үйлерінің бірінің маңында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы айтылған. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілген.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері көлік жүргізушісі 30 жастағы азаматты қағып кеткенін, салдарынан жәбірленуші әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілгенін анықтаған.

Одан бөлек, полиция қызметкерлері оқиға болған жердегі бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделей келе, жәбірленушіні қағу қасақана жасалған деген шешімге келген.

Бейнежазбада көлік жүргізушісінің сауда орынынан шығып көлікке отырғаны, кейін көлікке жәбірленушінің жақындағаны, сол сәтте жүргізуші орнынан қозғалып, азаматты қағып кеткені бейнеленген.

Осыдан кейін көлік жүргізуші жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетудің орнына оқиға болған жерден "ізін суытқан".

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді іс-шаралар барысында жол-көлік оқиғасын жасады деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталған.

Жауап алу кезінде күдікті жәбірленушіні танымайтындығын, көлікке отырғанда жәбірленуші одан темекі сұрағанын және оған жоқ деп жауап бергенін, сондай-ақ әйелі де жәбірленушіге ескерту жасағанын айтқан.

"Алайда жәбірленуші қозғалып бара жатқанда көлікке жақындап, сол кезде оны қағып, басып кеткені белгілі болды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-99-бабы ( "Адам өлтіруе оқталуға") бойынша, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", – деп жазады Polisia.kz ресми сайты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985233-qaragandyda-zayau-zurginsini-qasqana-qagyp-ketken-zurgizusige-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/