Көшпелі бұлтты: еліміздің мегаполистерінде бүгін қандай ауа райы болады
Опубликовано:
Қазгидрометтің болжамы бойынша бүгін еліміздегі ірі үш мегаполисте күн жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады. Шымкентте түннің бірінші жартысында жаңбыр жауса, елордада түнде 1 градус үсік жүреді. Ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус болса, күндіз +24...+26 градус жылы.
"Тәулік бойы метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейінің төмен болуы күтілуде", – деп болжайды метереологтар.
Нұр-Сұлтан қаласында да бүгін көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауа температурасы күндіз +18...+20 градус жылы, ал түнде +3...+5 градус жылы, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді деп күтілуде.
Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, түннің бірінші жартысында жаңбыр болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз +27...+29 градус жылы, түнде +13...+15 градусты көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988271-kospeli-bultty-elimizdin-megapolisterinde-bugin-qandai-aua-raiy-bolady/