Маңғыстауда қос түйеге соғылған көліктің екі жолаушысы қайтыс болды
Опубликовано:
Жетібай-Ақтау тас жолының бойында көлік түйелерге соғылып, екі жолаушы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға 16 қыркүйекте сағат 22:41 шамасында болған.
"Ваз 21154" автокөлігінің жүргізушісі Ақтау қаласынан Шетпе ауылына баратын жолда екі түйені қаққан. Тас жолдағы оқиғадан екі жолаушы көз жұмып, бес адам ауруханаға жеткізілді», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Аталған факті Қылмыстық кодексТің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988337-mangystauda-qos-tuiege-sogylgan-koliktin-eki-zolausysy-qaitys-boldy/