Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде оқушыларға вакцина шатастырып салынған: Министрлік қызметтік тексеру тағайындады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбедегі мектеп оқушыларын Манту сынамасын жүргізбей БЦЖ вакцинасымен қайта вакцинациялау фактісі бойынша қызметтік тексеруді бастады, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

"Қазіргі уақытта бұл инцидент бойынша құрамында Денсаулық сақтау министрлігінің бейінді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттерінің басшылары, бейінді мамандары бар Комиссия құрылды, олар эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, сараптамалық қорытындының негізінде болған инцидентке баға береді", - делінген министрліктің хабарламасында.  

Сондай-ақ ведомствоның хабарлауынша, Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балалардың денсаулық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізуде.

"Биыл 13 қыркүйекте Ақтөбе қаласының №74 жалпы білім беретін орта мектебінде туберкулиндік диагностикаға жататын бірінші сынып оқушыларына Манту сынамасын жүргізбей БЦЖ вакцинасымен қайта вакцинациялау фактісі орын алды.

Мектеп бойынша профилактикалық екпелерді жүргізу үшін жауапты орындаушылар ретінде Ақтөбе қаласындағы жеке клиниканың ("Медикус орталығы" ЖШС ) дәрігері мен мейіргері тағайындалды. Аталған медицина қызметкерлері бүгінде жұмыстан шеттетілді", - деп мәлім етті Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, балалардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, барлығы педиатрлардың бақылауымен сабақтарын жалғастыруда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе маңындағы Рауан елдімекенінде мектепте бірінші сыныпта оқитын 42 балаға тұмауға қарсы екпенің орнына өзге вакцина салынғаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990116-aqtobede-oqusylarga-vakcina-satastyryp-salyngan-ministrlik-qyzmettik-tekseru-tagaiyndady/

pixel