Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"700 адам жұмыссыз қалуы мүмкін": "Кублей" зауыты мен әкімдік арасындағы дау ушыға түсті

Опубликовано:

"Кублей" зауытының жұмысшылары
"Кублей" зауытының жұмысшылары. Видеодан кадр: AIBAT жаңалықтар қызметі

600 адам жұмыс істейтін "Кублей" зауыты жабылудың аз-ақ алдында тұр. Зауыт жақтастары Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, құзырлы органдардан араша сұрады, деп хабарлайды "Жетінші арнаның" AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарна дерегінше, Оралда үш жыл бұрын басталған құрылыс компаниясы мен зауыттың арасындағы дау ушыға түскен. Қос тараптың ісі қазір сотта қаралып жатыр. Дауға әкімдіктің өндіріс аумағында көпқабатты тұрғын үй салуға рұқсат беруі себеп, дейді "Кублейдің" мүддесін қорғап жүрген заңгер Бақытжан Базарбек.

"Заң талаптарын бұзып, өндірістік аймақта тұрғынүй соғуға рұқсат берген деп нақты шешімге келіп отыр (прокурорлар- ред). Өкінішке қарай, мынау ұсыныс орындалмай жатыр", - дейді заңгер Бақытжан Базарбек.

30 жылдық тарихы бар кәсіпорынның тағдырына қоғам белсенділері де алаңдаулы. Ірі өндіріс ошағы жұмысын тоқтатса, жүздеген жанның далада қалуы өз алдына, консерві өнімдерінің жоқтығы қымбатшылыққа әкеліп соғуы мүмкін, дейді сарапшылар.

"Бүкіл Қазақстан "Кублей" консервісін жейді. Әрине, бай адамдар консерві алмайды, оларға бәрібір. 700 адам жұмыс істейді. Барлығы ертең жұмыссыз қалады. Үкімет ол жерге жұмысты қайдан тауып береді? Нарықта басқа кім консерві шығарады? Баға өспейтініне кім кепілдік береді?", - дейді қоғам белсендісі Мұрат Әбенов.

Ал әкімдік болса істің ақырын сот шешетінін айтты. Айтуынша, құрылыс компаниясы салған төрт үйдің екеуі талапқа сай, зауыттан 130 метр аумақта орналасқан. Сондықтан бұл үйлер сүрілмейді. Ал құрылысы тоқтап тұрған тағы екі үйдің тағдыры шешіліп жатыр.

"Архитектуралық жоспардағы барлық тапсырма кері қайтарылды. Осыған дейін берілген келісімдердің бәрін қайтарып алдық. Құрылыс рұқсатының да күші жойылды. Содан кейін ешқандай рұқсат берген жоқпыз", - дейді Орал қаласы әкімінің орынбасары Асхат Көлбаев.

Шенділер мен компания текетіресінен қарапайым жұмысшылар мен тұрғындар жапа шегуде. Халық сот отырысында өндіріс аумағында тұруға қарсы емеспіз деген. Ал зауыт заңгерлері, егер сот тұрғын үйді заңдастырса, кәсіпорын жабылып қалатынына сенімді. Келесі сот отырысы 4 қарашаға жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993890-600-adam-zumyssyz-qaluy-mumkin-aigili-kublei-zauyty-men-akimdik-arasyndagy-dau-usyga-tusti/

pixel