Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдегі қазақстандықтар үшін 53 елде сайлау учаскелері ашылады

Опубликовано:

Бюллетенді салып тұрған әйел
Сайлау. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандықтар кезектен тыс президент сайлауында 53 шет мемлекеттің аумағында дауыс бере алады. Қазақстанның шетелдегі мекемелерінде 68 сайлау учаскесі құрылды, деп хабарлайды еліміздің Сыртқы істер министрлігі ресми сайтында.

Ведомство атап өткендей, дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік, туристік мақсатпен жүрген және Қазақстан азаматының жарамды паспорты бар отандастарымыз сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады.

Министрліктің хабарламасына сәйкес, Қазақстанның шетелдегі мекемелерінде дауыс беру сайлау өтетін күні (2022 жылғы 20 қараша, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.

Сонымен қатар ведомство шетелдегі сайлау процесін уақытылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін өздері туралы мәлімет берулерін сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993964-seteldegi-qazaqstandyqtar-usin-53-elde-sailau-ucaskeleri-asylady/

pixel