Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында қоқыс полигонынан шақалақтың денесін тауып алған куәгер оқиғаны баяндап берді

Опубликовано:

Куәгер
Куәгер Галина Шмидт. Фото: KAZ.NUR.KZ/Ардақ Ерубаева

23 қазан күні Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылының маңындағы қоқыс полигонынан шақалақтың денесін тауып алған куәгер мән-жайды айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін 23 қазан күні Ақтөбе облысында қоқыс полигонынан полиэтилен пакетке салынған шақалақтың денесі табылғаны жайлы хабарлаған едік.

Белгілі болғандай, жаңа туылған нәрестені полигоннан металл іздеп жүрген ауыл тұрғыны тауып алған. Айтуынша, қан жұққан полиэтилен пакетті көргенде алғашында оның ішінде ет бар ма деп ойлаған.

"Мен бұл жерге күнде келемін. Металл іздеп, тапсырып, ақша аламын. Сол күні түскі уақыт еді. Жаңадан төгіп кеткен қоқысты ақтарып, қарап жүріп, қолым жұмсақ нәрсеге тиді. Пакетке қан жұққан. Ішінде "ет екен" деп ойладым.

Пакетті ашқанда көзіме бірден кішкентай баланың аяғы түсті. Қорқып кеттім. Шақалақты ештеңеге орамаған, тек пакетке салған. Қозғалмайды. Тірі емес екені білінді. Ұл бала екен. Қоқыс арасында бала жатады деп ойлаған емеспін.

Өзімде телефон жоқ. Жолға жүгіріп шығып, көлік тоқтатып полиция шақырдым", – дейді Галина Шмидт есімді ауыл тұрғыны.

Бадамша тұрғындары ауылда бұрын-соңды мұндай жағдайдың болмағанын айтады. Шақалақтың анасын іздеуге ауыл болып атсалысқан.

Бадамша ауылы
Бадамша ауылы. Фото: KAZ.NUR.KZ/Ардақ Ерубаева

"Полиция бала салынған қызыл-қара пакеттің қай дүкенде сатылғанын анықтап жатқанын естідім. Ауылдың желідегі группасына салып, пакеттің қай дүкенде сатылғанын іздедік. Дүкен табылды, әрі қарай білмеймін", – дейді ауыл тұрғыны.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облыстық полиция департаменті 23 қазан күні Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы маңындағы "Рождество-Дөң" тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан шақалақтың денесі табылғанын растаған еді.

Полицияның мәліметінше, қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы ("Анасы жаңа туған нәрестені өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Материал авторы: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994556-aqtobe-oblysynda-qoqys-poligonynan-saqalaq-tauyp-algan-kuager-oqigany-bayandap-berdi-foto/

pixel