Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолшылар Шығыс Қазақстанның қақаған қысына дайындығы туралы хабарлады

Жарияланған күні:

Жол
Фото: ҚазАвтоЖол

Күн суытуына байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың қысқа дайындығы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ерекше бақылауында, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Температураның тәулік бойы ауытқуы облыс аумағынан өтетін маңызды жол учаскелеріне кері әсер етіуі, ал жиі соғатын қарлы боран салдарынан жолды қар басып, жолда көрініс шектелуі орын алуы мүмкін. Сондай-ақ таулы аймақтағы тік асулар, өрлер тіпті тәжірибелі автокөлік жүргізушілерінің өзіне қауіпті сынақ. Сондықтан алдағы қысқа дайындыққа баса назар аударылуда. «ҚазАвтоЖол» ШҚО филиалы автомобиль жолдарын пайдалану бөлімінің бастығы Тана Әбдікәрімованың айтуынша, ауа райы жағдайына байланысты қар басу қауіпі жоғары учаскелері пайдаланушыларға белгілі бір қиындықтар туғызуы мүмкін. Осы орайда, “қар басу қаупі жоғары ұзындығы 125 шақырым болатын, 142 участкі жіті бақылауға алынған”. Ауа райы қолайсыз кезде сол аймақтарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, қардан траншеялар, қабырғалар орнату, жылжымалы ағаш қар ұстайтын қалқандарды орнату сынды қосымша шаралар қабылданады. Мысалы тұрақты түрде қар басып қалатын учаскенің 16 шақырымына стационарлық қар ұстайтын қоршаулар орнатылып еді, жағдай айтарлықтай жақсарды», - дейді ол.

Қысқы маусымның басына Шығыс Қазақстан облысы жол қызметкерлерімен қар ұстайтын 2782 метр болатын стационарлық қоршаулар орнатылған. Сондай-ақ алдын ала бес мыңнан астам қар ұстайтын ағаш қалқандар дайындалған. Олар қар үйінділерін болдырмай, оларға уақтылы тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.

Өткен қыс маусымында Шығыс Қазақстан облысында жолдар шамамен 40 рет жабылып, 60-қа жуық дауылды ескерту жарияланған. Жағдай шынында да қиын, сондықтан қысқа  дайындық байыппен жүргізілуде. ДЭУ-30 басшысы Дастан Тоқтыбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда 160-тан астам арнайы қысқы техника мен 65 жалдамалы арнайы техника дайындалған. Ал мердігерлермен қызметтерді көрсету бойынша тиісті шарттар жасалған. Барлық арнайы техника қазірдің өзінде қысқы жұмысқа дайын, өйткені қыс маусымына дайындық алдын ала - биылғы жылдың жазынан басталды.

«Біз техникаларды жөндедік, қосалқы бөлшектер сатып алдық. 1500 текше метр елеу, 7400 текше метр құм, 980 тонна инертті материал сатып алынды. Қазір Өскемен – Алтай, Рахманов бұлағы жол учаскесінде тұрмыз. Мұнда күрделі жолдар, серпентиндер, Осинов асуы бар. Бұл аса қауіпті аймақ, ол жерде қар Өскеменге қарағанда ерте түседі. Онда қатты көктайғақ жиі пайда болады, оған қарсы шараларды дер кезінде жүргізу қажет етіледі, әйтпесе көлік өтуі қиындайды», - деді маман.

Ал қарлы боран немесе қатты аяздар кезінде жолдар жабылған жағдайларға арналып, облыста 20-100 адамға дейін сыйдыратын 11 жылыту пункті іске қосылды.

«Арнайы жабдықталған жылы бокстар бар. Онда техника жөнделіп, жол техникасы жұмысқа дайындалады, сондай-ақ жолда тұрып қалған азаматтардың көлігі де жөнделеді. Пункттерде техника жылытылады. Жүргізушілер де арнайы бөлмеде жылына алады. Жолдарда 30 төсек орынға дейін қабылдайтын үлкен жылыту пункттері бар. Республикалық жолдардың бойында осындай 125 жылыту пункті орналасқан», - деп түйіндеді сөзін «ҚазАвтоЖол» ШҚО филиалы автомобиль жолдарын пайдалану бөлімінің бастығы Тана Әбдікәрімова.

Қыста жол тазалауға көп фукцианалды жол техникалары қолданылады.

«Техника жолды мұз қабығынан тазартып, құм, елу және тұздан тұратын инертті материалдар себіледі. Сондай-ақ заманауи химиялық регенттер қолданылады. Шығыс Қазақстан облысындағы жолдар оңай емес, әсіресе Осинов асуы, алайда қолымыздан келгенше қауіпсіздік пен жол үздіксіздігін қамтамасыз етудеміз», - дейді машинист Сергей Тетерин.

Боранды күні Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар тас жолдардың бірінде қалған автожүргізуші Мирас Ақпетаев жолды сенімді адамдар бақылайтынына көз жеткізгенін айтады. Оның сөзінше, көктайғақта жолға арнайы материалдар дер кезінде себілген, жол тазартылуда, сондықтан жолда жүру қауіпсіз.

«Мен үнемі осы жолмен жүремін, сондықтан маған қазір жол ерекше назарда екені байқалады. Шынымды айтсам, бүгін жолға шығуға қорықтым, өйткені өткен түні жаңбыр жауып, күн суытып кетті, қар жауды, бәрі мұзға айналды. Бірақ маған жолға шығуға тура келді. Менің таңғалғаным -  қазірдің өзінде жолға көк тайғаққа қарсы материал себіліп қойылған, ал сақтық шараларын ұстана отырып, қауіпті учаскелерден алаңсыз өтуге болады», - деп сендірді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994886-zolsylar-sygys-qazaqstannyn-qaqagan-qysyna-daiyndygy-turaly-xabarlady/