Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның 12 облысында дауылдық ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Алғашқы қар жауған сәт
Алғашқы қар жауған сәт. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет РМК" 4 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің 12 облысында дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, жұмада Қызылорда облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

4 қарашада Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман, түнде облыстың солтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жететін жел күтіледі.

4 қарашада түнде және таңертең Алматы және Қонаев қаласында да тұман күтіледі.

4 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысында, сондай-ақ облыс орталығы Орал қаласында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

4 қарашада Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

4 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

4 қарашада түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында және Семей қаласында тұман күтіледі.

4 қарашада Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын, күндіз облыстың батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі.

Сонымен қатар өңірде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с-қа дейін, облыстың солтүстігінде 23 м/с -қа дейін жетуі мүмкін.

Одан бөлек, Көкшетау қаласында да 4 қарашада таңертең және күндіз көктайғақ болып, екпіні 15-20 м/с-қа жететін жел тұруы ықтимал.

4 қарашада түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Сондай-ақ, өңірде оңтүстік-батыстан жел соғып, таңертен және күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

4 қарашада күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Сонымен бірге, аймақта жел тұрып, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

4 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, бұрқасын, түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі.

Сондай-ақ оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 4 қарашада Петропавл қаласында да жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

4 қарашада Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, бұрқасын күтіледі. Бұдан бөлек, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 4 қарашада Қостанай қаласында да көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болмақ.

4 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында және Тараз қаласында тұман күтіледі. Өңірде солтүстік-шығыстан жел соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995660-qazaqstannyn-12-oblysynda-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/