Таразда Мәмбет батыр көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Жарияланған күні:
Тараз қаласындағы Мәмбет батыр көшесінде тұрғындардың көп жылғы сұранысы бойынша жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Тараз қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Бұл жолға тұрғындардың көп жылғы сұранысы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жаз мезгілінде республика бойынша орын алған битум тапшылығы салдарынан жұмыстар тоқтаған.
Бүгінгі таңда битум мәселесі өз шешімін тапты. Осыған байланысты жол құрылысы қайта жанданды. Бүгінде жолдың негіздемесін төсеу жұмыстары аяқталуда. Бұдан кейін асфальт төсеу басталады.
Мердігер компания жұмысты жеделдету мақсатында қосымша екі асфальт зауытымен келісім-шарт жасады. Сонымен қатар, қосымша мердігерлер тартылды.
Сондай-ақ Мәмбет батыр, Ташкент көшелерінің ұзындығы 9,45 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары жобада қарастырылған.
Мәмбет батыр көшесін қайта жаңғырту бойынша мердігер "Маңғыстау жол-құрылысы материалдары комбинаты" АҚ" ЖШС-мен жұмыстар жүргізілуде (ұзындығы 4,9 шақырым), Мәмбет батыр көшесінде (Сыпатай батыр көшесінен бастап 300 метрде) асфальт жабындысының 1-ші қабаты төселді, қалған теміржол өткеліне дейінгі аралыққа асфальт төселетін болады. Одан арғы жағындағы аралыққа дейін жол негіздемесі әзірленуде.
Жол жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау мақсатында қала әкімдігі тарапынан кешенді шаралар қабылдануда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995937-tarazda-mambet-batyr-kosesinde-zol-zondeu-zumystary-zurgizilude/