Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда мен Аралда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі деген күдікпен 32 адам ұсталды

Жарияланған күні:

Ұсталған күдікті
Ұсталған күдікті. Фото: ҰҚК ресми сайты

Қызылорда және Арал қалаларында өңірлік ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі деген күдікпен 32 адам ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметі ресми сайтында хабарлады.

ҰҚК-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер ұзақ уақыт жедел зерделеуден кейін 2022 жылғы 18 қазанда "А" арнайы мақсаттағы қызметті жұмылдырумен және прокуратураның қатысуымен іске асырылған арнайы операция барысында ұсталған.

Ұсталған күдікті
Ұсталған күдікті. Фото: ҰҚК ресми сайты

"Топтың әр мүшесінің өзіне жүктелген міндетіне қарай нақты құрылымы қалыптасқан. Қажетті шешімдерді тұрақты түрде өткізіліп тұратын "жиналыстарда" қабылдап отырған.

Ұсталғандардың қатарында трансұлттық қылмыстық ұйымдардың топ басшыларына бағынышты және солардың атынан әрекет етіп, Қызылорда облысының қылмыстық иерархиясында белгілі бір дәрежеге ие болғандар бар", - дейді ҰҚК өкілдері.

Тәркіленген қару
Тәркіленген қару. Фото: ҰҚК ресми сайты

ҰҚК-нің дерегінше, күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан қарудың бірнеше түрі, "ұрылар кассасының" сметасы, есірткі заттары, сонымен қатар тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар мен құжаттар алынған.

Көлік
Автокөлік. Фото: ҰҚК ресми сайты

Ұсталғандар қылмыстық топ құру, басқару және қаражыландыру, бопсалау сынды ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілініп отыр.

ҰҚК трансұлттық қылмыстан төнетін қауіпті бейтараптандыру бойынша іс-шаралар әлі жалғасып жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996346-qyzylorda-men-aralda-uiymdasqan-qylmystyq-toptyn-musesi-degen-kudikpen-32-adam-ustaldy/