Келесі оқу жылынан бастап 5-8, 10-сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырады
Жарияланған күні:
Елімізде 5-8, 10-сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырады. Мұндай өзгеріс келесі оқу жылынан бастап енгізіледі, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі ресми сайтында.
Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін қазақ тілінен емтиханды тек 9 және 11-сынып оқушылары тапсыратын. Олар да осы пәннен емтихан тапсыруды жалғастырады.
Министрлік хабарламасына сәйкес, қазақ тілінен емтихан жазбаша және ауызша түрде өтеді. Онда тыңдау, айту, оқу және жазу сияқты дағдылар бағаланады.
Ведомство емтихан тапсырмаларын оқытушылар академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып өздері құрастыратынын атап өтті.
Бұл пән бойынша қорытынды бағалар 5-8, 10-сыныптарда емтихан және жылдық бағалау қорытындылары бойынша қойылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996628-kelesi-oqu-zylynan-bastap-5-8-10-synyp-oqusylary-qazaq-tili-paninen-emtixan-tapsyrady/