Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында қарттар үйінің директоры қарияларды тонағаны үшін қызметінен кетті

Жарияланған күні:

Қариялардың әжім басқан қолдары
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағанды облысы Абай қаласындағы қарттар үйінің директоры қариялардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлап келген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми Telegram арнасы мәлімдеді.

Қарағанды облысы Абай қаласындағы қарттар үйінің директоры Сыздықан Н. қариялардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлағаны үшін айыппұл төлейді.

"ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті "Qamqor" жедел алдын-алу шарасы аясында қарттар үйінің қамқорлығындағы 90 адамының қаражатын ұрлау фактісін анықтаған болатын, оның ішінде 30 мүгедек және 60 зейнеткер бар.

Айыппұлдан басқа, директорға өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға тыйым салынады.

Сондай-ақ, КММ-нің әлеуметтік жұмыс жөніндегі екі маманына Евстафьева М. мен Лимарева Ю. және Абай қаласының "Қазпошта" бөлімшесінің қызметкері Брушневскаяға Л. өзінің қызметтік жағдайын пайдаланумен ұштасқан сенімді алдау және теріс пайдалану жолымен өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін үкім шығарылды.

Олар кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды және жазаны өтеудің мерзімінде мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, пробациялық бақылау белгіленді", - делінген ресми хабарламада.

"Патриотка" парақшасының мәліметінше, бұл жағдай бес жыл бойы жалғасып келген.

"Онсыз да өмір қажытқан қарияларды қарттар үйінің әкімшілігі, қатардағы қызметкерден бастап, директорға дейін тонаған. Қарттар үйінің барлық тұрғындарын емес, физикалық жағдайы нашар, төсекке таңылып, қатты ауырып жатқан немесе жақындарымен көп кездеспейтін қариялардың ақшасын ұрлаған", - деп жазылған парақшада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996863-qaragandy-oblysynda-qarttar-uiinin-direktory-qariyalardy-tonagany-usin-qyzmetinen-ketti/